Талдықорғанда өтіп жатқан сот барысында 15 адамның өліміне қатысты айыпталып отырған Челах өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бұл туралы BNews.kz тілшісі сот отырысынан телефон арқылы хабарлады.
Мән-жайды түсіндіруге келген сотқа төрағалық етуші судья Ахметжановтың айтуынша, Челах өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
«Ол өзіне қол жұмсап, кесіп тастамақ болды. Қазір оған медициналық көмек көрсетілетін болады», - деді судья.
Бірақ айыпталушының қандай зат немесе қарумен қай жерін тіліп жібермек болғаны әзірге белгісіз дейді тілші. Қазір сот барысында үзіліс жарияланды және оның қанша уақытқа созылатыны белгісіз.
Дереккөз: bnews.kz
В Атырау +4