Атырау, 8 желтоқсан 21:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

ДДҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады

4 045 рет қаралды


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. Бұл туралы Женевадағы брифингте ұйымның Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", - делінген Twitter-дегі ДДҰ бетінде.

Еске салайық, пандемия - бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы. Әдетте пандемия бүкіл халықтың едәуір бөлігін зақымдайтын жаппай сипат алған ауруды білдіреді.

11 наурыздағы жағдай бойынша жаңа коронавирус COVID-19 жұқтырудың жалпы саны 118 елде 121 564 адамды құрады. 4373 адам қайтыс болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

12 наурыз 2020, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.