4 жылда бір рет өтетін әлемдік ең үлкен спорт додасы Олимпиада ойындары биыл жазда Жапонияда өткізіледі деп жоспарланған. Алайда, Токио олимпиядасына дайындық комитетінің жетекшісі The Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында жаңа тәж тәрізді вирус індеті өрши түсіп, халықаралық шараға кедергі келтіріп жатса Олимпиада бір немесе екі жылға кешіктірілуі мүмкін екенін айтқан.
Токио олимпиадасына дайындық комитетінің төрағасы Такахашидың айтуынша, індет жағдайы жалғасты өрши түссе онда жазғы олимпиадаға әсерін тигізуі мүмкін, олай болғанда спорттық бәсекенің уақыты кейінге шегеріледі. Себебі, көрерменсіз олимпиада өткізу табыссыз болғандықтан, оны өткізуші ел үшін үлкен шығын келтіреді. Егер бұндай болғанда шараның уақыты екі жылға дейін кейін шегерілуі мүмкін, себебі, бір жыл не одан қысқа мерзімге шегерілсе осыған дейін жоспарланған халықаралық спорт ойындарының кестесін бұзады.
«Уолл-стрит журналының» пайымдауынша, егер Токио Олимпиадасы екі жылға кейінге қалдырылса, қысқы Олимпиада 2022 жылы Бейжіңде өтіп, соның жазында Токиода жазғы Олимпиада өтпек. Ал, Әлем кубогы жылдың соңында өтеді. Халықаралық Олимпиада комитеті бұған дейін Токио Олимпиадасы жоспарланғандай 24 шілдеде болады деп сеніммен айтқан болатын.
Дереккөз: Qazaqtimes.com