Атырау, 26 қараша 10:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​АҚШ Ауғанстаннан әскерлерін шығара бастады

2 708 просмотра


АҚШ Ауғанстандағы әскерлерін шығара бастады. «Талибан» ұйымымен келісімге қол жеткізгеннен кейін АҚШ ауған жеріндегі 12 мыңнан астам әскерін 8600-ге қысқартуға міндетті болды. 

Америка Құрама Штаттары 135 күн ішінде әскерлерін шығарып болуы керек. АҚШ пен тәліптер арасында бұндай бейбітшілік келісімі 29 ақпанда жасалған болатын. Бұны әрине, толықтай бейбіт қарым-қатынас деуге келмейді. Тәліптер АҚШ әскерлері елден толық кетіп болғаннан кейін ғана Уашингтонмен байланысты жақсарту туралы ойластыратынын жеткізген. Ауғанстанның ішкі диалогы, айталық тәліптермен Кабулдағы ресми билік арасындағы келіссөздер әлі басталған жоқ. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани болса келіссөздің алғы шарты ретінде қамаудағы тәліп күштерінің мүшелерін босатудан бас тартқан. 

Бірақ, дүйсенбі күні ант беріп қайталай президенттік қызметіне кіріскен Ғани кемінде мыңға жуық қолға түскен тәліп тұтқындарын босатуы мүмкін деген жорамалдар бар. АҚШ пен тәліптер арасындағы келісімнен кейін екі тарап қақтығыспай қалған жоқ. Өткен аптада ғана Гилменд провинциясында тәліптер ауған үкіметіне қарасты қарулы күштерге шабуыл жасады. Оған жауап ретінде АҚШ әуеден соққы бағыттады. 

Бұдан кейін келісім қайта бұзылып, қақтығыс жалғаса ма деген қауіп болған, бірақ, АҚШ президенті Дональд Трамп пен тәліптердің жоғары жетекшілерінің бірі телефон арқылы сөйлесіп келісімде қалды. АҚШ пен НАТО күштері таратқан мәлімдемеде, тәліптер келісімді сақтайтын болса 14 ай ішінде барлық қарулы күшін елден шығарып кетуге дайын екенін білдірген. Ол үшін тәліптер ресми билікке қарсы шабуылды тоқтатып, елде «әл-Каида» ұйымы сынды террорлық топтардың күш алып кетуіне жол бермеуі керек. Бірақ, талай жылдан бері Ауғанстанға көшіп жатқан ДАИШ террорлық топтары туралы бірде бір рет айтылмайды.

Дереккөз: Qazaqtimes.com

11 наурыз 2020, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.