Соңғы айларда 2004 жылдың шілдесінен бастап Атырау мұнай өңдеу зауытына басшылық етіп келе жатқан зауыттың бас директоры Талғат БАЙТАЗИЕВТЫҢ отставкаға кететіндігі туралы қауесеттер желдей ескен болатын. Кеше Байтазиевтың өз қалауымен жұмыстан кетуге байланысты арыз жазғаны жөнінде бейресми ақпарат пайда болды.
Сол дереккөздердің айтуынша, Байтазиевтан арыз жазуды «өтінген». Зауыттағылар бастықтарының сырқатына байланысты демалыста екендігін растады. «ҚМГ» ҰК АҚ баспасөз қызметіндегілер АМӨЗ баспасөз қызметімен байланысуымызды айтып, комментарий бермеді. Алайда жағдайдың ертең, 21 қарашада анықталатындығын хабарлады. АМӨЗ баспасөз қызметіндегілер де комментарий бермей отыр. Бәрі де ертең болатын зауыт активін күтуде, бәлкім басшылықтың ауысатындығы туралы мәлім етілуі мүмкін.
Жаңа директордың кандидатурасына келер болсақ, бейресми дереккөздер оның жергілікті емес екенін, жас шамасы 40-тарда екенін, бірнеше жыл ҚМГ-нің 100 пайыз еншілесі «Ромпетрол групп» компаниясында жұмыс жасағанын хабарлады.
Әңгіме Rompetrol–ге тиесілі румыниялық Petromidia МӨЗ-іне 2008 жылдан бастап басшылық еткен Арман ҚАЙЫРДЕНОВтуралы болып отыр. Ол өңдеу қуаттылығын 3,5-тен 5 млн тоннаға дейін арттыруға және Еуро-5 стандартындағы отынды өндіруге көшуге мүмкіндік берген осы зауытты қайта жарақтауға қатысқан. Бәлкім, оның АМӨЗ директоры боп тағайындалуын осы жағдаймен ұштастыруға болатын шығар.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА