Атырау, 22 желтоқсан 09:13
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Назарбаев Путинмен кездеседі

2 882 рет қаралды


Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

"Бүгін президент әртүрлі кездесулер, жиындар өткізеді, Нижегород облысының губернаторы Глеб Никитинді қабылдайды. Кешке сондай-ақ Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаевпен кездеседі", - деді Песков.

Соңғы бес жыл ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге 16 рет барды. Өткен жылдың желтоқсанында Назарбаев ЕАЭО Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы ретінде Санкт-Петербургте өткен ЕАЭО саммитіне қатысты. Сондай-ақ, Елбасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуінде болды.

Өткен аптада, 7 наурызда Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей-Түркия келіссөздерінің қорытындысы бойынша пікір алмасты.

Дереккөз: Sputniknews.kz

10 наурыз 2020, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.