Атырау, 22 қараша 12:33
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Тайып Ердоған: Израиль - террористік мемлекет

2 020 просмотра

Израиль әскери қызметкерлері Газа секторының шекарасында. Фото дереккөзі: ReutersАстана. 20 қараша. BAQ.kz Израиль – террористік мемлекет және оның Газа секторындағы жүргізіп отырған әскери операциясы да – террористік акт болып саналады. 

Түркия премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда өткен Еуразиялық ислам форумында дәл осылай деп мәлімдеді.

«Исламды терроризммен байланыстырған елдің өзі жаппай қырып-жоюды қолдап, Газа секторындағы балалардың өліміне де себепкер болып отыр. Осыған орай мен Израильді террористік әдіспен әрекет етіп отырғандықтан оны террористік мемлекет деп мәлімдеймін»,- деді түркиялық премьер ойын еш бүкпестен.

Сондай-ақ, ол Газа секторында Израиль зымыранынан жүзге жуық адам жер жастанса да (оның үштен бірі – әйелдер мен балалар) бұған бейқам қарап отырған халықаралық қауымдастықты сынға алды.

«Бұған қашанға дейін төзуге болады? Қол қусырып қарап отыра бермексіңдер ме? Ислам ынтымақтастық ұйымы қайда қарап отыр? Олар не бітірді? Бұл ұйымдарды (БҰҰ, Араб мемлекеттер лигасы және ИЫҰ) реформалау қажет», - деді Ердоған Каирде сөйлеген сөзінде.

Түрік премьері сөз арасында еш шара қолданбай, қайранда қалған балықтай қайрат таныта алмаған БҰҰ-ға да сенбейтінін жеткізді.

Сонымен қатар, ол Израильге қатысты жүздеген қарар қабылданса да олардың бірде-біреуін Тель-Авивтің орындамағанын, аталмыш елге бірде-бір санкция салынбағанын тілге тиек етті.

Өткен демалыста Түркияның үкімет жетекшісі Каирде Газа секторындағы жағдайды сөз еткен мемлекет басшыларымен келіссөз жүргізді. ХАМАС қозғалысының саяси көсемі Халед Машалмен кездесті. Келіссөзге Түркияның Сыртқы істер министрі Ахмет Дағутоғлы мен барлау қызметінің басшысы Хакан Фидан да қатысты.

Түркия Израиль мен ХАМАС-тың неғұрлым тезірек татуласқанын талап етіп отыр.

Дереккөз: baq.kz

20 қараша 2012, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.