Атырау, 8 желтоқсан 21:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Францияның мәдениет министрі коронавирус жұқтырды

2 843 рет қаралды


Шенеунік қазір үйінде ем алып жатыр. Ал оның соңғы күндері Франция президенті Эммануэл Макронмен кездескен-кездеспегені хабарланған жоқ.

АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Францияның мәдениет министрі Франк Риестердің коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады  Deutsche Welle.

Басылымның хабарлауынша, шенеунікте коронавирустың жаңа түрінен туындайтын пневмония белгілері жоқ.

Риестер қазір ауруханада емес, үйінде емделіп жатыр. Сондай-ақ, министрдің соңғы уақытта кімдермен байланыста болғаны анықталуда.

Соңғы екі аптада Франция үкіметінің мүшелері жиналыстарда бір-бірімен қол алысып амандасудан бас тартқан болатын.

Дереккөз: Sputniknews.kz

10 наурыз 2020, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.