Атырау, 27 желтоқсан 02:00
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Куәгер «Арқанкергенге» қытайлықтар шабуыл жасады деген болжамды жоққа шығарды

1 661 просмотра

Владислав Челах сотына куәгер ретінде қатысушы «Тас-Тау» аңшылық шаруашылығының директоры Сергей Печуркин «Арқанкерген» бекетінің орналасу ерекшеліктері туралы журналистерге әңгімелеп берді.

«Тас-Тау» - аумағына өртеніп кеткен «Арқанкерген» бекеті орналасқан аңшылық шаруашылығы.

«Аңшылық шаруашылығының аумағы 31 мың гектардан асады. Біздің кардон бұл бекетке жақын орналасқан», - деп түсіндірді Печуркин.

Аңшылық шаруашылығының басшысы бекетке көрші Қытай тарапынан контрабандистердің шабуылдауымен байланысты болжамды бірден жоққа шығарды.

«Мен мұны толықтай жоққа шығарамын. Себебі, жақын маңдағы «Сары бөктер» заставасы 26 км қашықтықта жатыр, Қытайдан 20 км адам жүре алмайтын жер, әсіресе қыс мезігілінде. Көктемде, яғни оқиға орын алған кезде, асулар әлі жабық болған еді, сондықтан бөтен адамдардың өтуі мүмкін емес. Мен тергеу көрсеткен ресми көзқарасты ұстанамын, яғни барлығы дәл солай болды деп ойлаймын. Бұл тек уақыттың еншісіндегі нәрсе, сот барлығының анық-қанығын көрсетеді. Ол жақта жеке тұлғасы анықталмаған мәйіттердің бар екендігі ата-аналардың соңғы үміті болып отыр. Бірақ, мұндай үлкен өрт кезінде адам денесінің органикалық бөлігінің сақталуы өте қиын. Көп мәйіт күлге айналып кеткен. Бәлкім түрлі болжамдардың шығуына осы себеп болған шығар», - деді куәгер.

Еске сала кетсек, қазіргі уақытта Талдықорғанда Владислав Челахтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 9 бабы бойынша айып тағылуда және оның кейбірін бұрынғы шекарашы бірінші отырыс кезінде-ақ мойындады. Бірақ, Челахтың қорғаушысы ол өз қызметтестерін өлтіргенін мойындамайтыны туралы мәлімдеді.

30 мамырда шекарашылар отряды таулардың арасынан «Арқанкерген» шекара бекетінің өртеніп кеткен ғимаратын тапты. Сол күні шекара қызметі 13 адамның - 12 шекарашы мен қорықшының мәйітін шекара заставасында болған өрттен кейін анықтады. Жұма күні тағы да екі мәйіттің табылғандығы туралы хабарланды. Аман қалған қарағандылық шекарашы Владислав Челах таулардың арасында жасырынып жүрген жерінен қолға түсті. ҚР Бас прокуратурасының хабарлауынша, 19 жасар Владислав Челах 15 адамды өлтіріп, бекетті өртегенін мойындады. Бірнеше күннен кейін оған жаппай адам өлтірді деген айып тағылып, қамауға алынды. Дегенмен, кейін Челах бұл қылмыстарды жасамағанын айтты.

Дереккөз: bnews.kz

20 қараша 2012, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.