Атырау, 26 қараша 10:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Моңғолияда алғашқы коронавирус дерегі тіркелді

2 758 просмотра


Моңғолияның мемлекеттік төтенше комиссиясы коронавирустың алғашқы жағдайын растады. Бұл туралы Reuters хабарлады. 

Науқас Моңғолияға Франциядан Мәскеу арқылы транзитпен келген. Ол Францияның азаматы және Моңғолияда жұмыс істейді. Онымен байланыста болған адамдар анықталып, бақылауға алынған. Бұған дейін Қытайға ресми іссапармен барған Моңғолия президенті карнатинге жатқызылған болатын. Қазіргі уақытта Қазақстанда аталған вирус тараған елдерден келген 3676 адам карантинде жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінң хабарлауынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар жоқ. Қазақстан үкіметінің шешімімен вирус көп тараған елдерден келгендер 14 күн карантинге жіберіледі. Дәл қазіргі уақытта Қытай, Оңтүстік Корея, Ираннан келген 1053 адам, Германия мен Испаниядан келген 2849 адам және Италиядан келген 182 адам медициналық бақылауда. 408 адам карантиннен шыққан. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

10 наурыз 2020, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.