Атырау, 27 желтоқсан 02:28
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

В.Челахқа қатысты қылмыстық істі судья Ербол Ахметжанов жүргізеді, қорғаушының өтініші қанағаттандырылмады

2 039 просмотра
ТАЛДЫҚОРҒАН. 20 қараша. ҚазАқпарат - Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Советхан Сәтенов 14 шекарашы мен 1 қорықшыны өлтірді деп айыпталып отырған Владислав Челахтың қорғаушысының іс бойынша төрағалық етуші судья Ербол Ахметжановқа наразылық білдіру туралы өтінішін қанағаттандырмады.

С.Сәтеновтің айтуынша, қорғаушы С.Сәрсеновтың наразылық білдіруі негізсіз болды. Атап айтқанда, бұған дейін қорғаушы С.Сәрсенов Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры Дастан Секеновке наразылық білдіруге өтініш берді. Бұл әрекетін ол алдын ала тыңдауда сотталушы В.Челахтың «өз кінәсін мойындап келуін» қажетті дәлел ретінде қарастырудан бас тарту және істі қосымша тергеуге жіберу жөніндегі оның өтінішін прокурордың қолдамағанымен түсіндірді. Бұл өтініш қанағаттандырусыз қалдырылды.

Дереккөз: inform.kz

20 қараша 2012, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.