Атырау, 26 қараша 10:37
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Болгария мен Бангладеште коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

2 744 просмотра


Бүгін, жексенбі күні Болгария коронавирус жұқтырудың алғашқы төрт оқиғасының нақтыланғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Елдің солтүстігіндегі Плевен қаласында екі ер адамның және Габрово қаласында 2 әйелдің сараптама нәтижелері олардың вирус жұқтырғандығын анықтаған. Бұл жайында Болгарияның Ұлттық жұқпалы және паразиттік аурулар орталығының басшысы Тодор Кантарджиев растады. Сондықтан бүгін ел Үкіметі коронавирустың таралуының алдын алу бойынша қосымша шараларды талқылау үшін шұғыл жиын өткізуі тиіс. 7 миллион тұрғыны бар Болгария билігі вирустың таралуына жол бермеу үшін әуежайларға және шекаралық бақылау-өткізу бекетіне келген адамдардың дене қызуын тексеріп жатыр. 

Сондай-ақ, Dhaka Trubine агенттігінің мәліметінше, Бангладеште те коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Елдің Эпидемиологиялық бақылау және ауруларды зерттеу институты бүкіл әлемде 3 400-ден астам адамның ажалына себепкер болған коронавирус 3 адамға жұққанын сараптама нәтижелері көрсетіп отырғандығын растады. Вирус жұқтырғандармен байланыста болған тағы 3 адам қазіргі уақытта карантинде жатыр. 

Коронавирусқа шалдыққан үш адамның екеуі Италияның әртүрлі қаласынан таяуда ғана келген. Үшеуінің де жастары 20 мен 35 жас аралығында. Айта кетерлігі, бүгінде бүкіл әлем бойынша коронавирус жұқтырған адамдардың саны 101 мыңнан асып кетті. Вирус Жер шарының әр түпкірінен 3 400-ден астам адамның өмірін жалмады.

Дереккөз: Inform.kz

9 наурыз 2020, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.