Жексенбі күні кешқұрым белгісіз біреу Париждің солтүстік шығысындағы мешіт аумағында оқ жаудырған, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды BFMTV телеарнасы.
Полициядағы дереккөздің телеарнаға хабарлауынша, шамамен 20:00-де қаруланған біреу астананың 19-округіндегі мешіттің ішкі ауласына кіріп, сонда жүрген адамды атқан.
Бұдан кейін мотороллерге мініп, ізін суытқан. Оның қайда кеткені әзірге белгісіз Қолда бар деректерге қарағанда, атыс болған кезде оның басында шлем болған. Абырой болғанда, жараланғанның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Дереккөз: Inform.kz