Атырау, 20 сәуір 08:28
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жол апатында қаза болғандарды аза тұту

1 794 просмотра

Өткен жексенбі күні Атырауда еліміздің барлық жерінде аталып өткендей жол-көлік оқиғалары құрбандарын құрметпен еске алды.

Жақында ІІМжол полициясы комитеті  барлық көлік жүргізушілерін жол-көлік оқиғасында қайтыс болғандарды күндізгі сағат 12-де клаксон басып, құрметпен еске алуға шақырды. 18 қарашада Атырау қаласы және облыс жолдарына екі тралмен автокөлік апатында майысқан көлік қаңқаларын алып шықты, оның әрқайсысында  екі адамнан өлім құшқан болатын. Оның алдында патруль көлігі жүріп отырды, артынан автомектептің көліктері ілесті. Дәл түс әлетінде колонна «Ақ Жайық» қонақ үйінің маңындағы айналма тұсқа тоқтап, дыбыстық дабылдар бере бастады,  дабылға сол ауданда қозғалып бара жатқан барлық машина үн қосты.

Бүкіләлемдік ЖКО-ның құрбандарын еске алу күні 2005 жылдан бері БҰҰ Бас ассамблеясының ұсынысы бойынша аталып келеді. Бұл күн әлемде күн сайын ЖКО-да 3 мыңнан астам адамның өлім құшып, шамамен 100 мыңдай адамның ауыр жарақаттар алатындығына адамдардың назарын аударуды көздейді. Жыл басынан бері Атырау облысында ЖКО 110 адам қайтыс болып, 352 адам жарақат алды.  

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 қараша 2012, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.