Атырау, 26 қараша 10:54
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Путин мен Ердоған Идлибтегі атысты тоқтату туралы уағдаласты

3 553 просмотра


Идлиб аймағындағы атыс 6 наурызда түн ортасынан бастап тоқтауы тиіс, екі ел басшылары осындай мәмілеге келді.

Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған алты сағаттық келіссөздің қорытындысы бойынша Сирияның Идлиб провинциясында атысты тоқтату туралы уағдаласты.

Келісім жобасын екі елдің сыртқы істер министрлері жария етті.

Идлиб деэскалациясы аймағындағы әскери іс-қимылдар 6 наурызда түн ортасынан бастап тоқтатылуы тиіс. Бұдан бөлек, Мәскеу мен Анкара М-4 тас жолында солтүстік пен оңтүстікке қарай алты шақырымға созылатын қауіпсіздік дәлізін ұйымдастырады, ал 15 наурыздан бастап бұл ауданды екі тарап бірлесіп күзетеді.

Сондай-ақ, Ресей мен Түркия бұған дейін бекітілген келісімдерді сақтайтынын растады. Олар: 2017 жылы деэскалация аймағын құру туралы келісім және 2018 жылғы Сочи меморандумы.

Мәскеу мен Анкара терроризмнің барлық көрінісімен күресуге дайын екенін атап өтті. Тараптар Сириядағы қақтығыстың әскери шешімі жоқ екенімен келісті, сонымен қатар Сирия Араб Республикасының егемендігін жақтайтынын растады.

Ресей президенті түрік әріптесіне Мәскеуге келгені үшін ризашылығын білдірді.

Путин, сондай-ақ, Мәскеу Сириядағы оқиғаларды бағалау бойынша Анкарамен әрдайым келісе бермейтінін атап өтті. Бірақ сындарлы сәттерде екі ел түйісу нүктелерін тауып жүр.

Бұған қоса, ресейлік лидер терроризмге қарсы күресті әлсіретіп алмау керектігіне тоқталды. Ол Ресей және Түркия Сириядағы қақтығысты реттеудің астаналық форматын сақтауға мүдделі екенін айтты.

"Түркия Сирияның үкіметтік күштерінің әрекетіне дербес жауап беру құқығын өзінде қалдырады" деп мәлімдеді Ердоған Путинмен өткен келіссөзден кейін.

Бұл үшін Түркия Идлибке қосымша күштер жіберді.

Ердоған, сондай-ақ, Анкара "сириялық босқындарға отанына оралуға көмектеседі" деп уәде берді.

ММЖҚИ әскери-саяси зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы Алексей Подберезкин екі ел басшыларының уағдаластығына қатысты пікір білдірді.

"Путин мен Ердоғанның уағдаластығы түбегейлі сипатқа ие. Десе де, әңгіме басқада – уағдаластықты техникалық жағынан іске асыру өте қиын. Путин мен Ердоған қақтығыстың барлық қатысушысы үшін жауапкершілік алып отыр, ал бұл өте қатерлі. Идлибтегі әскери қақтығыстың басқа қатысушылары Путин мен Ердоғанның кеңесіне құлақ асатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Алайда, біздің қарулы күштеріміз жағдайды бірге қадағалап отыратыны – зор маңызға ие. Бұл, егер ниет болса, тіпті, ең күрделі мәселелер бойынша да ортақ шешімге келуге болатынының көрінісі. Уағдаластыққа қол жеткізу – дер кезінде қабылданған шешім. Путин мен Ердоған саяси күштер түгесілмегенін дәлелдеді", - деп санайды Алексей Подберезкин.

Дереккөз: Sputniknews.kz

7 наурыз 2020, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.