Атырау, 27 желтоқсан 02:02
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қазақстанда министрді сатып алу ұсынылды

2 042 просмотра

Құлаққа түрпідей болып естілетін ұсыныстарымен танымал болған Қазақстан мұсылмандар одағы тағы да ерекшеленді.

Фото дереккөзі: stan.kzБұл жолы Мұрат Телебековтың жетекшілігімен жұмыс істеп келе жатқан ұйым Елбасына Туризм және спорт ведомствосының басшысын шетелден сатып алу ұсынысын жасады. Мұндай ұсынысқа негіз болған, Телебековтың айтуынша, қазіргі шенеуніктердің жаппай спорты дамытудағы немқұрайлылығы деп жазады Total.kz.

Қазақстан мұсылмандар одағы жетекшісін елде бұқаралық спортқа көңіл аударылмай, ал керісінше шетелден қыруар қаржыға легионерлердің сатып алынуы алаңдатады екен.

"Халық бұл тәжірибеден құтылып, қаржыны бұқаралық спортқа бағыттау керек деген пікірде. Қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерту қажет.  Біз, әрине биліктегілерге ұсынысымызды астарлап жеткізіп отырмыз. Себебі дәстүрлі, сыпайы  түрде айтылған ұсыныстарға біздің шенеуніктер құлақ аспайды да, мәселенің мән-жайын бойлай бермейді. Егер біз дайын спортшыларды сатып алып жатсақ, онда неге спорт министрін де сатып алмасқа?!", - дейді Телебеков мырза.

ҚМО басшысы қазір шетелдік спортшыларды қайта сатып, одан түскен қаржыны жастар спортының дамуына бағыттауды ұсынады. Барлық ұсыныстары түсірілген хат бүкіл дүние жүзіндегі спорт федерацияларына жіберіліпті.

Тіпті, Угандадан Қазақстан мұсылмандар одағының кеңсесіне жауап хат та келген көрінеді. Онда елдің үкіметі "Қазақстанның  Туризм және спорт министрін (ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасын - ред.) 37 259 долларға 15 жылға сатып алғысы келетіні" туралы ұсыныс білдіріпті.

"Есептесек, Ермегияев жылына 2 мың доллардай жалақы алады екен. Уганда - соншалықтай дамыған ел емес қой", - дейді Телебеков.

Телебековтың шыныменен Угандадан хат алып-алмағанын білмедік, бірақ өтірік-шыны аралас ұсынысында жан бар сияқты. Ал еліміздің Туризм және спорт агенттігін басқарып отырған Ермегияев мырза Угандаға ұзақ сапарға аттану ұсынысын қалай қабылдайды екен?!

Дереккөз: nur.kz

20 қараша 2012, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.