Атырау, 26 қараша 10:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Халықарлық валюта қоры COVID-19-бен күреске 50 млрд доллар бөлмек

3 464 просмотра


Халықарлық валюта қоры (ХВК) COVID-19 коронавирусымен күресу үшін 50 млрд доллар бөлмек. Қаржы нарықтық экономикасы қалыптасып келе жатқан кедей мемлекеттерге көмек есебінде беріледі. 

Ұйымның басшысы Кристалина Георгиева CNBC теларанасына берген сұхбатында: «Біздің қазір істеп жатқан жұмысымыз - әр елдің қаржылық қажеттіліктерін талдау және осы ресурстар туралы білетініне көз жеткізу үшін осы елдермен өзара іс-қимыл жасау. Сонымен, біз өзара әрекеттесудің алғашқы сатысында тұрмыз. Бірақ сұраныс түскен кезде біз тез әрекет ететінімізге сендіре аламын», – деді. Коронавирус дерті әлемдік пандемияға айналуы мүмкін деп дабыл қаққан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда аурудың таралуы бәсеңдеп, одан тыс мемлекеттерде артты дейді. Соңғы 24 сағатта коронавирус Қытайдан басқа мемлекеттерде 9 есеге көп анықталып отыр. АҚШ-тың Уашингтон штатының өзінде 121 адам вирус жұқтырып, 11 адам қайтыс болған. Осыған байланысты АҚШ Федералды резервтік жүйесі пайыздық мөлшерлемені жарты пайызға төмендететінін мәлімдеді. Сонымен қатар Дүниежүзілік банк вируспен күресетін елдерге дереу 12 млрд доллар қаржы бөлетін болды. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

6 наурыз 2020, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.