Атырау, 26 қараша 10:43
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мәскеуде атақты екі шахматшының мәйіті табылды

3 161 просмотра


Белгілі украиналық шахматшы Станислав Богданович пен оның құрбысы Александра Вернигора Мәскеудегі пәтерден өлі табылды.

Mash Telegram-каналының мәліметі бойынша, 18 жастағы Александра Вернигора мен 27 жастағы Станислав Богданович Мәскеудің батысында, Кастанаевская көшесіндегі пәтерден табылған. Жастардың жанында азоттың шала тотығы құйылған шарлар жатқан. Шахматшылар еліткіш газдан уланған болуы мүмкін.

Мәскеудің тергеу комитеті жас жігіт пен қыздың өліміне қатысты алдын ала тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тексеру кезінде полиция зорлықпен өлтіру белгілерін таппады.

"Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Трагедияның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Көз жұмған шахматшылар туралы не білеміз

Станислав Богданович 1993 жылы Одесса қаласында дүниеге келген. Ол гроссмейстер және жедел шахматтан Украина чемпионы болған, қытай тілін оқыған. Жақында ол Ресей құрамасына қабылданған.

Александра Вернигора 2001 жылы туған. Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған. Ол да кәсіби шахматшы болды және ФИДЕ рейтингісіне енген (1861- орын).

Дереккөз: Sputniknews.kz

6 наурыз 2020, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.