Атырау, 24 сәуір 20:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16

Қазақстанның зейнетақы қоры кімдердің шотына ақша түспей жатқанын мәлімдеді

3 924 рет қаралды


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері өткен жылы сұраусыз қалған 675 мың зейнетақы шотының иелерімен байланыс орнатты, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Олар – бір жыл және одан да көп жылдардан бері жарна түспеген "ұйқыдағы" шоттар. Арасында өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жұмыссыздар, сондай-ақ зейнетақы жарналарын уақытша аудармағандар: үйде бір жылдан астам уақыттан бері декреттік демалыста отырғандар, тәжірибе жұмысындағылар, тағылымдамадан өтушілер, үй шаруасындағы әйелдер, мүгедектігі бар адамдар, әскери қызметшілер және сотталғандардың шоттары бар.

Қор мамандары ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары аясында салымшыларға міндетті зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығын түсіндірді. Соның арқасында 128 мың жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 4 миллиард теңгеге 523 202 жарна келіп түсті.

Осылайша БЖЗҚ "ұйқыдағы" шоттарды жандандыру, соңғы жылдары шоттарына зейнетақы жарнасын аудармай жүрген салымшыларды іздестіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

Дереккөз: Sputniknews.kz

6 наурыз 2020, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.