Атырау, 19 сәуір 11:14
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Болашақ" түлектері дәріс береді

1 651 просмотра

"Болашақ" мемлекеттік шәкіртақы түлектерінің бастамысының арқасында ағылшын тілін маңызды деңгейде тегін оқып үйрену мүмкіндігіне атыраулық екі мектептің оқушылары ие болды.

Қаладағы №№ 15 және 16 орта мектептерде болашақтықтар жастарды дамыту бойынша пилоттық әлеуметтік акцияны жүзеге асыруда.

- Біз дәріс сағаттарына тілді тасымалдаушыларды шақырамыз. Сондай-ақ, көшбасшылық әлеуеттідамыту және этика бойынша сабақтар жүргіземіз, - дейді Рустам Салахов. 

Дәрістер аптасына екі рет сабақтан тыс уақыттарда өткізіледі. №15 мектепте өткізілген осындай бір сабақтардың біріне қатысқанымда болашақтықтар балалармен болашақта мамандықты дұрыс  таңдаудың маңыздылығы жөнінде әңгімелесіп жатты. 

- Біздің тобымыз әр түрлі жастағы 25 мектеп оқушыларынан құралған, - дейді №15 орта мектеп директоры Гүлшара МЕНЕШОВА.

- Бұл топтың қатарына ену үшін оларға тестілеуден  және іріктеуден өтуге тура келді. Балалар бұл әдіспеноқудың өздеріне ұнайтындығын және қызықты да пайдалы нәрселерге үйренуге болатындығын айтады. Көптеген ата-аналарда ағылшын тілі бойынша ақылы түрде қосымша оқытуға мүмкіндіктері жоқ, ал, бұл тегін және мұнда шетелдіктермен өзара  бетпе-бет кездесе алады.

Болашақтықтардың айтуынша, үш айлық акцияны жүзеге асыру қала әкімі Серік Айдарбековтың қолдауының арқасында мүмкін болған.

- Бұл акция өзінің жемісін бүгінгі күннен бастап-ақ  көрсете білді, - дейді Рустам. - Болашақта біз басқа да мектептерді қамтуды жоспарлап отырмыз. Егер бізге еріктілер қосылатын болса, бұл ойымыз жүзеге аспақ, бірақ, өкінішке қарай, қазір олар бізде аса  көп емес.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

20 қараша 2012, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.