Атырау, 23 қараша 07:09
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балықшыда ескі жатақхана өртенді

Сурет
3 980 просмотра


3 наурызда Атырауда Балықшы ықшам ауданындағы ескі жатақхана ғимаратында өрт болды. Өрт сөндірушілер тұрғындарды, оның ішінде бес баланы қауіпсіз жерге көшірді.

- Өрт Балықшы ықшам ауданында бес қабатты жатақхананың үшінші қабатында болды. Бөлме іші жанып, содан кейін өрт балконға өршіген. Өрт сөндіру баспалдағы арқылы терезеден 12 адам, оның ішінде бес бала эвакуацияланды. Жалпы ғимараттан 37 тұрғын шығарылды, - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт себебі анықталуда. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Естеріңізге салсақ, 15 ақпанда Атырауда Махамбет көшесіндегі көппәтерлі 121-үйде өрт болған еді. Ол кезде 249 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды.

Фархат ӘБІЛОВ

ТЖД баспасөз қызметі ұсынған суреттер

4 наурыз 2020, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.