Атырау, 10 желтоқсан 09:24
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Челахтың қорғаушысы Ахметжановтың сотқа төрағалық етуіне наразылық білдірді

1 830 просмотра

Фото дереккөзі: BNews.kzЧелахтың қорғаушысы Ербол Ахметжановтың сотқа төрағалық етуіне наразылық білдірді, деп хабарлайды Челах ісіне қатысты Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысынан BNews.kz тілшісі.

«Судья сотқа төрағалық ете алмайды. Менің күдігім бар. Екі сот отырысында сот төрағасы тарапынан заң бұзушылыққа жол берілді. Біз бұл істе сот төрағасының тікелей немесе жанама мүддесі бар деп есептейміз. Ол өзінің өкілеттігін асыра пайдаланып, сотты Талдықорғанда өткізіп жатыр.Біздің өтініштерімізді ашық қалдыруда. Челахтың құқығы бұзылуда деп айтуға негіз бар. Мен де, менің қорғалушым да барлық жағдайды білмейміз», - деді сотта Сәрсенов.

Сот отырысының екінші күнінде ақорғаушы тағы бірқатар өтініштерін қайталады. Осыдан кейін сот төрағасы Ахметжанов он минут үзіліс жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, «Арқанкерген» бекетіндегі 14 шекарашы мен бір қорықшыны өлтірді деген айып тағылған Владислав Челахтың ісі бойынша сот отырысы кеше басталған болатын. Сот процесіне БАҚ өкілдері қатысып жатқан жоқ. Челах алғашқы отырыста тілшілердің қатыспауын өтінген еді. Олар ақпаратты баспасөз орталығынан таратуда.

Мұнымен қатар кеше Челахтың қорғаушысы Сәрсенов Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры Дастан Секеновты істен аластатуды сұрады. Судья Ербол Ахметжанов адвокаттың бұл өтінішін негізсіз деп танып, оны қанағаттандырмады. Сондай-ақ сот төрағасы қорғаушының қосымша тергеу тағайындау жөніндегі арызын да кейінге қалдырды.

Кеше өткен алғашқы сот отырысында Челах тағылған айыптың бірнешеуін мойындады. Атап айтқанда, «Әскери мүлікті бүлдіру» және «Заңсыз қару алу мен ұстау» баптары бойынша кінәсін мойнына алды. Мұнымен қатар Челах «құпия» деген таңбасы бар картаны алғанын растады, бірақ мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді жинаған жоқпын дегенді алға тартты.

14 шекарашы мен қорықшының өліміне кінәлі деп қамауға алынған Владислав Челахқа қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша, атап айтқанда, «Екі және одан көп адамды өлтіру», «Жеке заттарды ұрлау», «Құпия құжаттарды ұрлау», «Қару ұрлау», «Заңсыз қару ұстау», «Әскери мүлікті бүлдіру», «Әскерден қашу» және «Бөтен адамның баспанасына заңсыз кіру» деген айыптар тағылған.

Дереккөз: bnews.kz

20 қараша 2012, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.