Атырау, 26 қараша 13:45
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

БҰҰ комиссиясы: Сириядағы әскери қылмыстарға Ресейдің қатысы бар

2 904 просмотра

Ресей әуе күштерінің Мааррат-эн-Нууманға шабуыланан кейін, 22 шілде 2019 жыл.

Біріккен ұлттар ұйымының Сириядағы әскери қылмыстарды зерттейтін тәуелсіз комиссиясы "арасында әйелдер мен балалар бар ондаған бейбіт тұрғынды өлтірген әуе соққысына Ресейдің қатысы бар екенін" дәлелдейтін мәліметтер тапты. Бұл туралы The Guardian газеті  хабарлады. Газет мәліметінше, БҰҰ сарапшылары Ресейдің әскери қылмыстарын тікелей әшкерелеп отыр.

2019 жылдың екінші жартысындағы оқиғаларға арналған баяндамада 22 шілдеде Мааррат-эн-Нууман қаласындағы базарға және 16 тамызда Хас елдімекеніндегі босқындар орналасқан үйге әуеден жасалған соққылар жайлы ақпараттар келтірілген.

Базарға әскери ұшақтар екі айналып соққы берген. Екінші соққысы құтқарушыларға тиген. 43 адам, оның ішінде 4 бала өлген. Хас елдімекеніне жасалған соққыдан 20 адам өлген, оның 8-і әйел, 4-уі бала.

"Куәлердің сөзі, видеожазбалар, элоектронды бейнелер, сондай-ақ бомбалаушы ұшақтарды бақылағандардың хабарлары, қолға түскен радиохабарлар сияқты тағы да басқа мәліметтер осы оқиғаларға Ресей ұшақтарының қатысы болғанын жеткілікті дәлелдейді. Ресей қарулы күштері аталған жағдайларда нақты әскери мақсат көздемеген, сондықтан ол әскери қылмыс дегенді білдіреді" дейді БҰҰ комиссиясының есебі.

The Guardian сөйлеткен Вашингтонның Таяу Шығыс бойынша сарапшысы Чарльз Листер БҰҰ сарапшыларының қорытындысын "айрықша маңызды" деп бағалайды, "өйткені БҰҰ-ның мұндай шабуылдарға кінәлілерді тікелей атайтын кезі өте сирек".

Дереккөз: Азаттық радиосы


3 наурыз 2020, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.