Атырау, 27 желтоқсан 02:31
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

«Арқанкерген» заставасынан 15 емес, 18 мәйіт табылған – Челахтың қорғаушысы

2 085 просмотра

Өртке оранған «Арқанкерген» шекара заставасынан 15 емес, 18 мәйіт табылған, оның үшеуін тергеу жасырып отыр. Бұл туралы Талдықорғандағы сот отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген Челахтың қорғаушысы Серік Сәрсенов мәлімдеді.

«Ресми түрде барлығыңызға мәлімдеймін, оқиға орнында 15 емес, 18 мәйіт табылған. Қалған үш мәйіт кімдікі екенін олар анықтауға тырысты, бірақ анықтаған жоқ және мұны жасырып отыр. Бұл мәлімет айыпталушы ретінде іске тарту қаулысында да, айыптау қорытындысында да көрсетілмеген. Олардың қалай қарастыратынын мен білмеймін, олар тек 15 мәйітті ғана келтіріп отыр, негізі қылмыстық іс материалында 18 болуы тиіс. Мен оны ресми түрде мәлімдеп отырмын. Осы айтылғандардың барлығын сот отырысы кезінде нақты материалдармен келтірілетін болады», - деп мәлімдеді қорғаушы.

Дереккөз: bnews.kz

20 қараша 2012, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.