Атырау, 26 қараша 13:53
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бішкектегі митинг кезінде қанша адам зардап шеккені белгілі болды

3 670 просмотра

Сурет : mediazona.ca

Митинг кезінде милиция мен наразылық білдірушілер таспен атысқан. Бішкекте Садыр Жапаровты жақтаушылардың митингісінен кейін медициналық көмекке 22 адам жүгінді, деп хабарлайды zakon.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз орталығының мәліметінше, 3 бейбіт тұрғын және 19 тәртіп сақшысы медициналық көмекке жүгінген. 21 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қанағаттанарлық жағдайда амбулаториялық емдеуге жіберілді, - делінген хабарламада.

Бір милиция қызметкері бас миының шайқалуы, мойын омыртқасының сынуына байланысты Ұлттық госпиталдың нейротравма бөліміне жатқызылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық.

Кеше Бішкекте өткен митинг кезінде 166 қамауға алынған, оның 162-сі сұрақ-жауаптан соң босатылды. Олармен профилактикалық әңгіме өткізілді. Митингіге қатысқан төрт адам ұсталды.

Дереккөз: Zakon.kz

3 наурыз 2020, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.