Атырау, 29 қараша 10:43
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ұрлықшыл топ

2 446 просмотра

Атырауда азық-түлік дүкендеріне ұрлыққа түсуді кәсіп қылған қылмыстық топ ұсталды.

Атырау ҚІІБ криминалдық полиция бастығының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВТЫҢ айтуынша, ұсталғандар бұрын ұрлық үшін сотталған 1986, 1991 және 1994 жылғы қала тұрғындары екен. Екеуі бір-біріне туысқан боп келеді, үшіншісі –олардың көршілері. Оларға 15 қылмыс бойынша айып тағылып отыр. Ұрылар түнделетіп «жұмыс істеген» - азық-түлік дүкендерінің есіктерін сындырып, негізінен спирттік ішімдіктер мен темекілерді қолды қылып, содан соң оларды төмен бағамен «Дина» базарында сататын болған. Қылмыскерлер «Мерседес МL-350» көлігімен қозғалып отырған. Олардың біріне тиесілі көлікжайдан ұрланған тауарлардың бір бөлігі табылды.

Қазіргі уақытта 15 ұрлық фактісі бойынша бүкіл қылмыстық іс ҚР ҚК 175-бабы («ұрлық») бойынша бір қылмыстық іске біріктірілді. Ұсталғандар мойындау жауаптарын берді. Енді олардың басқа ұрлықтарға қатысы тексерілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 қараша 2012, 20:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.