Атырау, 27 желтоқсан 02:22
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Елдегі түрмелердің басым бөлігі апатты жағдайда - Қалмұханбет Қасымов

1 900 просмотра
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Елімізде түрме салу аса шығынды іс. Сондықтан да, түрмелерді мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты бойынша салу ұсынылады.

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында баяндама жасаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлім етті.

«Келер жылдан бастап ішкі істер әскерін оңтайландыруды қолға алатын боламыз. Оларды басқару жүйесі мемлекеттің әскери доктринасына сәйкестендіреді. Бригадалық құрылымнан өңірлік басқару жүйесіне өтуді көздейміз», - дейді ведомство басшысы. Министрдің сөзіне қарағанда, осы бағыттағы заңнамалық өзгерістер Мәжіліске жолданған.

Сонымен қатар, Қалмұханбет Қасымов 2011 жылғы тамыздан бері ішкі істер органына берілген қылмыстық-атқару жүйесіне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, бұл бағытта да біршама проблемалар қордаланған. «Қазір біртіндеп тәртіпті қолға алып келеміз. Жаңа бақылау қызметін қалыптастырдық. Көптеген ұйымдастырушылық мәселелер қайта қарастырылып жатыр», - деді министр. Бұдан бөлек, ведомство басшысы елдегі түрмелердің басым бөлігі апатты жағдайда екендігіне де назар аудартты. «Түрмелердің басым бөлігі қарапайым санитарлық, техникалық талаптарға жауап бермейді. Пайдалану мерзімдері де озды. Сондықтан да, олардың халықаралық талаптарға сай келуі туралы айтудың өзі артық. Бұнымен қоса, түрме салу өте-мөте шығынды іс. Сондықтан да, түрмелерді мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты бойынша салуды ұсынамыз. Бұндай үлгімен түрме салуды Қарағанды облысының әкімімен келісіп жатырмыз», - дейді ол.

Дереккөз: inform.kz

19 қараша 2012, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.