Атырау, 26 қараша 13:25
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Париждегі Лион вокзалы маңындағы өрт пойыздар қозғалысына кедергі келтірді

2 621 просмотра


Берси бульварында орналасқан Лион вокзалы маңында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап. Өрт түстен кейін Берси бульварындағы вокзалға жақын жерде шыққан. 

Осы аудандағы Accor Hotel Arena кешенінде концерті өтуі тиіс болған конголық әнші Фалли Ипупаға демонстранттар қарсы шыққан. Полиция наразы топты тоқтатуға тырысқан кезде олар қоқыс контейнерлері мен тұрақта тұрған көліктерді өртей бастаған. 

Наразылық білдірушілер Конго Демократиялық Республикасының экс-президенті Жозеф Кабиланы және оның мұрагері Феликс Чисекедиді қолдаған Фалли Ипупа Францияда өнер көрсетпеуі тиіс деп санайды. Бұған дейін француз астанасының билігі тәртіпсіздіктерден қорқып, ереуіл өткізуге тыйым салған болатын. 

Гар-де-Лион және Берси метро стансаларының жұмысы тоқтатылды. Ел астанасындағы жер асты пойыздары мен қала маңындағы электр пойыздар жүруде. Өрт сөндірушілер жалынды жұма күні кешке өрт сөндірді. Париждік префектура мен Франция ІІМ басшысы шеруге шыққандардың әрекетін айыптады. 37-ден астам адам ұсталып, 50-ге жуығына айыппұл салынды.

Дереккөз: Inform.kz

29 ақпан 2020, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.