БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Израиль территориясы мен Газа аймағын атысты тоқтатуға шақырды. Ол сондай-ақ Каирға атысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізуге баратындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Ресей ӘӘК қызметі.
Дүйсенбіге қараған түні Израиль Газа аймағының территориясына оқ жаудыруды үдете түсті. ЖАМАС жауынгерлері, өз кезегінде, зымыран атуды тоқтатар емес.
Қақтығыстар басталған сәттен бері жексенбі ең қанды күн болып отыр. Израиль ӘӘК-нің Газа қаласындағы тұрғын үй ауданына жасаған авиасоққысы 11 адамның өліміне алып келді. Израиль басшылығы ХАМАС қозғалысы басшыларының үйлерін нысанаға алғандарын мәлім етті.
Дәрігерлердің мәліметтері бойынша, қаза болған палестиналықтардың саны қақтығыс басталғаннан бері 80 адамға артты. Сондай-ақ үш израильдік азамат қақтығыс құрбандарына айналды.
ХАМАС жауынгерлері Газа аймағынан Ашдод, Ашкелон және Офаким қалаларына зымыран атты. Бірнеше адам зардап шекті.
Израиль билігінің мәліметтері бойынша, 76 зымыран Израильге жетіп, 36 зымыран «Темір күмбез» зымыранға қарсы жүйемен тоқтатылды.
Палестина-Израиль қақтығысының қазіргі өткір кезеңінің бес күні ішінде кем дегенде 72 палестиналық және үш израильдік қаза тапты. Болжаммен қаза болғандардың шамамен жартысы бейбіт тұрғындар болған.
Сонымен қоса келіссөздерде атысты тоқтату туралы келісу әрекеттері жалғасуда.
АҚШ президенті Барак Обама жексенбі күні Израильдің өзін-өзі қорғау құқығын қолдады, алайда Газа аймағындағы құрлық операцияларының басталуына дейін жеткізбеген жөн екендігін айтты.
Бұдан бұрын Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдің әскері Газадағы ХАМАС қозғалысының жауынгерлеріне қарсы операцияларды «едәуір арттыруға» дайын екендігін мәлімдеді.
Екі мәлімдеме де палестиналық территорияға авиасоққы берудің бесінші күнінде жасалды, оны жексенбі күні Израиль кемелерден артиллериялық атыспен толықтырды.
ХАМАС жауынгерлері жексенбі күні таңертең бірнеше сағат үзілістен кейін Израиль территориясын атуды жалғастырып, Тель-Авив бағытында екі реактивті снаряд және Израильдің оңтүстік ауданының маңына одан да көп мөлшердегі оқ-дәрі жаудырды.
Израиль полициясының хабарлауынша, Тель-Авивке бағытталған екі зымыран да «Темір күмбез» жүйесімен тоқтатылды. ХАМАС әскери қанаты бұл зымырандардың атылуына жауапкершілікті өздеріне алды, деп хабарлайды Рейтер агенттігі. Израильдік әскер көп ұзамай Твиттерде осы зымырандар атылған жерге соққы бергендігін хабарлады.
Дереккөз: bnews.kz