Атырау, 27 желтоқсан 02:15
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Нұрсұлтан Назарбаев Франция президенті Франсуа Олландпен келіссөз жүргізеді

1 968 просмотра

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияға жұмыс сапары аясында Франсуа Олландпен келіссөздер жүргізеді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«21-23 қараша аралығында Қазақстан Президенті Францияда жұмыс сапарымен болады. Сапар барысында Қазақстан Президенті Франция Республикасының Президенті Франсуа Олландпен келіссөздер жүргізеді. Жалпы, Франсуа Олланд 2012 жылғы президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін Қазақстан мен Франция Президенттерінің бұл алғашқы кездесуі», - деді А.Әбибуллаев.

Оның айтуынша, сонымен қатар Елбасы Францияның көрнекті саяси қайраткерлерімен, Еуропалық қайта құру және даму банкінің бұрынғы президенті Жак Атталимен және Францияның алдыңғы қатарлы іскер топтары өкілдерімен де кездеспек.

«Жалпы 2011 жылдың қорытындысы бойынша екі елдің арасында тауар айналымы 6 млрд 100 млн АҚШ долларына жеткен болатын. Бұл 2010 жылдың көрсеткішіне қарағанда 20%-ға артық. Біздің елімізде француздардың қатысумен 100-ден астам бірлескен компаниялар тіркелген. ҚР экономикасына Франциядан 1994 жылдан бері 9 млрд АҚШ долларынан асатын тікелей инвестиция тартылған», - деп толықтырды ол.

Дереккөз: bnews.kz

19 қараша 2012, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.