Атырау, 15 қыркүйек 13:17
 дождьВ Атырау +28.9
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

"Уайымдамаңыздар" - Джеки Чан коронавирус туралы

2 988 рет қаралды


Джеки Чан коронавирус жұқтырғаны туралы қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Қамқорлықтарыңыз үшін рақмет! Мен аман-есенмін. Өтінемін, уайымдамаңыздар, мен карантинде емеспін. Сіздерде де аман-есенсіздер деген үміттемін!", - деп жазды актер.

Еске салайық, мұның алдында шетелдік БАҚ-тар Джеки Чан коронавирус жұқтырды деген хабар таратқан болатын. Шетелдік БАҚ-тардың көбі Джеки Чан Гонконгте жабық кешке барған соң актердің және басқа да қонақтардың карантинге жатқызылғанын жазған болатын. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

28 ақпан 2020, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.