Атырау, 26 қараша 13:28
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тағы 4 елдің азаматтары вирус жұқтырған

2 240 просмотра

Қытайдан басқа бірқатар елде коронавирус инфекциясы өршіп жатыр. Грузия, Норвегия, Финляндия және Бразилия елдерінде коронавирус тіркелді.

Грузия

«Бірнеше минут бұрын Лугара зертханасынан сараптаманың қорытындысын алдық, коронавирус расталды. Кеше Ираннан Әзербайжан арқылы келген Грузия азаматы жұқтырған», – деді денсаулық сақтау министрі Екатерина Тикарадзе.

Финляндия

Финляндияда коронавирус жұқтырған тұңғыш адам Миланнан келген екен.

«Хельсинки мен Уусимаа округінде коронавирус анықталды. Олар вирусты Италияның солтүстігінде жұқтырған. Қазір науқас емделіп жатыр», – делінген Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту Ұлттық институтының хабарламасында.

Норвегия

Коронавирус Норвегияның солтүстігінде тіркелді. Бірақ жергілікті дәрігерлер дүрбелең туғызбауға шақырады. Қазіргі уақытта науқас үйде карантинде екен. Оның жасы мен жынысы айтылмады.

Бразилия 

Коронавирусты Бразилияда да жұқтырғандар бар болып шықты. Бразиялық 61 жастағы ер адам 9-21 ақпан аралығында Италияда болған екен. Дәрігерлер оның сараптамасын қайта тексеруге жіберді.

АҚШ

АҚШ-та да Diamond Princess круиз лайнерінен эвакуацияланған алты америкалықтан вирус анықталып отыр.

Айта кетейік, Жапонияда коронавирус таралған круиз лайнерінде 705 адам вирус жұқтырған. Олардың үшеуі - ресейлік.

Дереккөз: Nege.kz

27 ақпан 2020, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.