Атырау, 26 қараша 13:29
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Трамп штабы New York Times басылымын сотқа берді

2 084 просмотра


Трамп штабы New York Times басылымын сотқа берді. 

Дональд Трамптың сайлау алды штабы The New York Times газетінің редакциясын «президент туралы жалған ақпарат таратты және жала жапты» деп сотқа берді. Басылымның атқарушы редакторы Макс Фрэнкелдің «Ресей мен Трамптың уағдаластығы қалай жүзеге асты» деген мақаласы президент штабының сотқа жүгінуіне себеп болған. 

Нью-Йорк штатының Жоғарғы сотына берілген сегіз беттік талап арызда Трамп сайлау штабының өкілдері New York Times АҚШ президентіне «аса алауыздық пен дұшпандық көзқарасы танытты» деп жазылған. Сонымен қатар өткен жылы қарашада өткен Конгрестің аралық сайлау нәтижесіне бұрмалауға тырысты делінген. 

Негізінен 1964 жылы АҚШ-тың Жоғарғы Соты саясаткерлер мен жоғары лауазымды шенеуніктердің тілшілерге айып тағу құқығын шектеу туралы заң қабылдаған. Осыған сәйкес, талапкер сот процесі басталғанға дейін барлық нақты деректерді ұсынуы тиіс. 2016 жылы қарашада АҚШ-та кезекті президенттік сайлау өтті. Нәтижесінде, Республикалық партия ұсынған кәсіпкер, саясаткер Дональд Трамп жеңіске жетіп, Американың 45-ші президенті атанды. 

Сол уақыттан бері АҚШ-тағы сайлауға Ресей араласып, деректерді қолды етті деген гипотеза айтылып келеді. АҚШ-тағы 58-ші президенттік сайлауға Кремль «қол сұқты» деген тақырыпта әлем басылымдары жарыса жазғаннан кейін АҚШ Барлау қызметі арнайы тексеру жүргізіп, Ресейдің араласуымен жергілікті партияның сервері бұзылды деген қорытынды шығарды. 

Бұдан бөлек, тексеру барысында жарияланған арнайы құжатта Владимир Путин АҚШ сайлауына араласу үшін компанияларға тікелей тапсырма бергендігі де жазылған. Содан бері Ресей Америка қоғамындағы бытыраңқылықты көздеп, елдің ішкі саясатын регресске ұшыратуды көздейтіндігі айтылып та, жазылып та келеді. Сайлау жөнінде Уашингтон мен Кремль арнайы келіссөз жасаған жоқ деген Ақ үй басшысы Дональд Трамп та Ресей кез келген мемлекетке қарсы «агрессиялық саясат» ұстанатындығын айтып, бірнеше мәрте санкциялар енгізген.

Дереккөз: "The Qazaq Times"

27 ақпан 2020, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.