Оның өтінішінен кейін қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Ербол Ахметжанов жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін басты сот процесі өтіп жатқан сот залынан шығуларын өтінді.
Ербол Ахметжанов журналистерді Талдықорғандағы қалалық соттың 1-ші қабатында сот процесінің тікелей көрсетілімі жүріп жатқан арнайы орын жабдықталғанын хабардар етті.
Қазіргі уақытта түрлі бұқаралақ ақпарат құралдарының 62 өкілі видеомонитор арқылы сот процесін бақылауда. Журналистер үшін процесті хабарлау мақсатында барлық жағдай жасалынған.
Дереккөз: inform.kz