Министрдің айтуынша, биылғы жылы ұрлыққа қатысты көрсеткіш 59 пайызға өсіп отыр. Оның ішінде әрбір төртінші ұрлық пен әрбір екінші ұрлау қылмысы ұялы телефонға қатысты орын алған.
«Дегенмен елімізде жасалатын аса ауыр қылмыстар көрсеткіші біршама азайып келеді. Мәселен, осындай ерекше ауыр қылмыстар көрсеткіші 18 пайызға төмендесе, оның ішінде кісі өлтіру 10 пайызға, денсаулыққа аса ірі жарақат салу 3 пайызға, қарақшылық шабуыл 4 пайызға кеміді»,-деді Қ. Қасымов.
Министрдің сөзіне қарағанда, тергеу жұмыстарына сотқа дейінгі өндірістің жеңілдетілген түрі енгізілген. Осыған орай бұндай форма бойынша сотқа 13 мыңнан астам қылмыстық іс жолданса, оның ішінде 445-і - аса ауыр қылмыстар.
Дереккөз: inform.kz