АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында коронавирустың таралу қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Шара әлемдегі ахуалдың тез өзгеріп, құрлықтық Қытайдан алып шаһарға сапарлаушы жолаушылардың көптігіне байланысты қабылданды.
Төтенше жағдай бір аптаға созылмақ. Айта кетейік, АҚШ-та мұндай шара тек табиғи апат кезінде енгізілетін.
Хезер, жергілікті тұрғын:
- Дұрысы, індетке қарсы кеш әрекет еткеннен көрі алдын ала дайындалу қажет. Бірақ қазір коронавирустың шаһарға тіпті бүкіл ел аумағына қатты әсер етіп жатқанын байқап отырған жоқпыз. Қауіпті дерт жақсы бақылауға алынған сияқты. Дегенмен, адамдар дертке тыңғылықты дайындалмаса індет өршіп, салдары ауыр болуы мүмкін.
Дереккөз: 24.kz