Полиция департаментінің баспасөз қызметі арнайы жедел әрекет ету жасағының ескі екі қабатты үйдегі пәтерлердің бірінің есігін бұзып кіргені түсірілген бейнежазбаны таратты. Бұл жерден есірткі заттарының ірі партиясы, сондай-ақ, медициналық шприцтердің қораптары табылған.
Табылған сұйықтық сараптама қорытындысы бойынша экстракциялық апиын болып шыққан. Ұсталғандар ҚР ҚК-ның 296-бабы 4-бөлімі («Аса ірі көлемдегі есірткі заттарының заңсыз айналымы») бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Өткен жылы Атырау полициясы есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 142 құқық бұзушылықтарды анықтады. 13 келіден аса есірткі өнімдері тәркіленді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА