Атырау, 14 наурыз 13:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Төбелеске келіп, келімсектердің үстінен түсті

8 629 рет қаралды


23 ақпанда Атыраудың Нұрсая ықшамауданында екі құрылысшы төбелесіп қалады. Ал оқиға орнына келген полиция тексере келе құрылыс компаниясында 138 келімсектің жұмыс істеп жатқанын анықтаған.

«АЖ»-ға белгілі болғанындай, компанияда 300-ден аса шетелдіктер жұмыс жасайды екен. Олар - Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары. Тексеру барысында олардың 138-нің Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп жатқаны анықталды. Олар еңбек мигранты ретінде ресми тіркелмеген.

Енді көші-қон заңнамасына сәйкес, ЖШС директорына ірі көлемде айыппұл салынады, ал келімсектер еліне қайтарылады. Бұдан басқа, тағы бір мәселе туындап отыр: Полиция департаментінің көші-қон қызметі елде заңсыз жүрген осынша келімсектерді қалайша байқамай қалған?  

Фархат ӘБІЛОВ

26 ақпан 2020, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.