Атырау, 4 сәуір 17:50
Түнде ашық+5, таңертең +13
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 447.60  € 489.41  P 5.71

Кеңес одағының соңғы маршалы қайтыс болды

25 ақпан 17:26


Дмитрий Язов тоқсан бес жасында ауыр дерттен Мәскеу қаласында өмірден озды, ол Кеңес одағының маршалы шенін иеленген соңғы әскербасшы.

КСРО-ның соңғы қорғаныс министрі, Ұлы Отан соғысының ардагері Дмитрий Тимофеевич Язов 95 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды РИА Новости.

Дмитрий Язов Кеңес одағының маршалы шенін иеленген соңғы әскербасшысы ретінде тарихта қалды (1990 жылы). Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін ол Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. 1942 жылдың шілдесі мен 1945 мамыр айы аралығында Волхов және Ленинград майданында взводқа жетекшілік етті.

Язов 1987 жылдың мамырынан 1991 жылдың тамызына дейін КСРО қорғаныс министрлігін басқарды.

Оның жетекшілігімен қарулы күштердің жауынгерлік біліктілігін көтеру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып, Ауғанстан аумағынан кеңес әскерін шығару ісі ұйымдастырылды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

712 рет қаралдыБасты бет Поделиться:
1 2 3 4 5 6

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей: