Атырау, 23 қараша 08:08
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жол жоқ, жарық жоқ

Бейнежазба
3 218 просмотра


Құлсары қаласындағы «Автожолшылар» ықшамауданының тұрғындары «АЖ» тілшісіне хабарласып, жол мен жарық жөнінде шағымданды. БАҚ өкілдерімен кездесуде олар қала билігінің өз мәселелеріне назар аудармайтынын айтты.

- Мектеп пен балабақша жақын болғанымен соған жетудің өзі мұң. Жаяу жүргіншілер балшықтан жүре алмайды. Жауын-шашын күндері көлікпен бұл жерге кіру мүмкін емес. Балалар мектеп, балабақшаға бару үшін ықшамаудан сыртындағы екі шақырым жердегі айналма жолмен жүруге мәжбүр. Көшеде жарық жоқ, электр қуатының аздығынан үйдегі тұрмыстық техникалар жұмыс істемейді,- дейді ықшамауданның тұрғыны Алма АРИСТАНОВА. - Үй салуға қалай жердің берілгенін білмеймін, ешқандай инфрақұрылым жоқ. Білуімізше, қала билігінің бұл жерді аббаттандыруға қатысты әзірге еш жоспарлары жоқ.

Құлсары қаласы әкімі Ернар ЫСМАҒҰЛОВ:

 - 2019-2021 жылдар аралығында Құлсары қаласында жүргізілетін жолдарды жаңарту жұмыстарына бұл аталған көше кірмейді. Жасыратыны жоқ, бірер жылсыз бұл көшенің жолын жаңартылмайды. Оған дейін асфальт қалдықтарын төсеп беруге жұмыстанамыз. Ал электр қуаты мәселесіне келсек, трансформатор орнату үшін «Шыңдау» ЖШС сметалық құжатын жасақтап болды, енді оған қаржы сұрататын боламыз.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазбаны түсірген автор 

25 ақпан 2020, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.