Атырау, 26 қараша 13:27
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Коронавирус тараған Италияда дүкен сөрелері босап қалды

Бейнежазба
3 269 просмотра


Италияның солтүстігінде тұрғындар дүкендер мен супермаркеттегі азық-түліктің бәрін сатып алды. Мұндай дүрлігуге ел аумағында коронавирустың таралуы себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Италиялық БАҚ-тың мәліметінше, адамдар дүкен сөрелерінен шоколадты паста, макарондар мен кофе, тазартылған сулар, консервілер, дәретхана қағазы мен тіс пастасын сатып алу үстінде.

Өз кезегінде ірі сауда желілерінің әкімшілігі сөрелердің толтырылғанын, кез келген тауар түрі жеткілікті екенін мәлім еткен.

Кейбір дүкендердің іші босап қалған соң абыржыған адамдар онлайн қызметтің көмегіне жүгініпті. Мұнда да адамдар бір-бірімен жарысып, барынша көбірек азық-түлік сатып алуға тырысуда.

Тіпті, Милан мен Турин қалаларында кейбір сервистер жаңа тауарлар келгенше уақытша жабыла тұруға мәжбүр болған.

Еске сала кетсек, Италияда коронавирустың таралуына байланысты Миландағы әйгілі "Ла Скала" театры уақытша жабылып, Венециядағы карнавал да шұғыл түрде тоқтатылған болатын.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, бұл елде вирусты жұқтырғандар саны 200-ден асыа кеткен.

Қазіргі таңда билік коронавирустың таралуын тоқтату үшін қолдан келген шараның барлығын жасап жатыр.



Дереккөз: Nur.kz

25 ақпан 2020, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.