Атырау, 23 қараша 07:22
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ішімдік ішкен жүргізушілер қатаң жазаланады

5 215 просмотра


Қазақстанның бірқатар заңнама актілеріне айтарлықтай өзгерістер енгізіліп, жыл басынан бастап күшіне енгені белгілі. Атап айтсақ, мас күйінде көлік жүргізгендердің жауапкершілігі күшейді. Енді ішкен  және «желікпе» жүргізушілердің қалай жазаланатындығы туралы Атырау облысы прокурорының орынбасары Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ әңгімелеп береді.

– Айталық, бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырса, енді 7 жылға куәлігінен айырылып, оған қоса 15 тәулікке әкімшілік қамауға алады, - дейді Б.Жұмақанов.

- Егер бұл заң бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанатын болса, жүргізушілік куәлігінен 8 жыл мерзімге айырылады және 20 тәулікке қамалады. Бұрын 15 тәулікке қамалып, құқығынан 6 жылға айыру жазасы белгіленген еді.  


– Бұл Әкімшілік кодекстегі өзгерістер, ал Қылмыстық кодекске осы санаттағы құқық бұзушылықтар бойынша қандай өзгерістер енгізілді?

– Бұрын ҚР ҚК мас күйдегі немесе сау жүргізушілер тарапынан болған жол-көлік оқиғасы үшін жауапкершілік бірдей болды. Енді мас, есірткілік және  токсикоманиялық масаю күйінде ереже бұзғаны үшін барынша қатаң жаза қарастыратын жаңа бап (345-1 бап) енгізілді.

Егер бұл әрекет денсаулыққа орташа ауырлық және ауыр залал келтірген болса немесе адам өліміне әкеп соқса, онда кінәліге соттың қарауы бойынша негізгі жазалау шарасы  қолданылатын болады. Бұл сәйкесінше түзету немесе қоғамдық жұмыстар, бас бостандығынан айыру немесе  шектеу болуы мүмкін. Барлық жағдайда да кінәлі жүргізушілік құқығынан 10 жыл мерзімге айырылатынын атап өткен жөн.

Ал егер әрекет екі не одан да көп тұлғалардың өліміне әкеп соқса, онда кінәлі көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылады және 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге қоғамнан оқшауландырылады.


Б. Жұмақанов мынадай статистиканы келтірді: Атырау облысында өткен жылы 307 ЖКО орын алды, оның ішінде 65 адам қайтыс болды және 424 адам түрлі жарақат алған, жол қозғалысы саласында 130 371 құқық бұзушылық тіркелген.  Әңгіме соңында ол жолда қырағы болуға шақырды:

– Жол қозғалысының әрбір қатысушысының үнемі мұқият болуы мен жоғары жауапкершілігі ғана адамдардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ете алады. Бұл туралы ешқашан ұмытпау керек!

Фархат ӘБІЛОВ

Коллаж бен инфографиканы жасаған, суретті түсірген  автор

25 ақпан 2020, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.