Израильдің қаржы министрі Юваль Стейниц 18 қараша күні «Бұлтты бағана» операциясы басталғаннан бері елінің веб-сайттарына 44 миллион рет шабуыл жасалғанын хабарлаған. Шенеунік жаһандық желідегі шабуылға мемлекеттің копьютерлік қауіпсіздік қызметі тойтарыс бергенін атап көрсеткен.
Associated Press министрдің «біз ойлағанымыздан да артық шықтық» деген сөзін келтірген. Саясаткер агенттікке берген сұхбатында елдің негізгі веб-ресурстарыдың бэк-ап жасап үлгенгенін мәлімдеді.
Стейниц израильдік сайттарға шабуыл жасалуы белгілі бір елдің немесе ұйымның жұмысымен байланысты ма деген сауалға жауап беруден бас тартқан. Бұған дейін кибершабуылды еврей мемлекетіне қарсы Anonymous хакерлер тобы өз мойнына алған, деп жазады РБК.
Бірлестік қатысушылары бұл кампанияны #OpIsrael деп атапты. Кибершабуыл нәтижесінде Anonymous Израиль президентінің ресми сайты мен елдің әскерінің блогы шамалы уақытқа жұмысын тоқтатқан. Жалпы соңғы күндері 700 веб-ресурсқа шабуыл жасалған.
Хакерлер Тель Авивтің Газа секторына жасаған әскери операциясына қарсылық танытып отыр. Израиль мен «Хамас» арасындағы қалыптасып отырған жағдайға елу адам қарсылық танытқан. Олардың көпшілігі палестиналықтар.
Дереккөз: bnews.kz