Атырау, 26 қараша 13:50
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Үндістанда тағы бір МиГ-29К ұшағы апатқа ұшырады

2 840 просмотра


Үндістанның Ресейден сатып алған МиГ-29К истребительі Hansa әскери-әуе базасынан ұшып шыққаннан кейін апатқа ұшыраған. Оқыс оқиға 23 ақпан күні оқу-жаттығу кезінде болған.

Бұл туралы  India Today агенттігіне сілтеме жасап, segodnya.ua хабарлады. МиГ-29К ұшағы Гоа штатының оңтүстігінде құлаған. Жергілікті биліктің ақпаратына қарағанда, екі ұшқыш та катапультаны басып үлгерген. Оларды құтқарушылар тауып алған. Қазір оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары басталыпты.

Бұл – МиГ-29К ұшағының Үндістан әскери-әуе күштеріндегі төртінші апаты. Үшінші апат өткен жылдың қараша айында тіркелген еді. Ол кезде МиГ-29К жоспарлы ұшу сәтінде Раджастан штатының солтүстік-батысында құлаған.

Үндістан Ресейдің МиГ-29К және МиГ-29КУБ әскері ұшақтарын 2004-2010 жылдары аралығында сатып алған.  

Дереккөз: Nege.kz

24 ақпан 2020, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.