Атырау, 26 қараша 13:31
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Оңтүстік Кореяда коронавирус қаупінің «қызыл деңгейі» жарияланды

2 376 просмотра


23 ақпан күні коронавирус жұқтыру жағдайларының жылдам өсуіне байланысты  Оңтүстік Корея үкіметі қауіптің «қызыл деңгейін» жариялады. Бұл жөнінде үкіметтің шұғыл отырысын өткізген ел президенті Мун Чжэ Ин мәлімдеген.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұл шараның мақсаты – қауіпті індетке қарсы күресті күшейту. Оңтүстік Корея билігі әлем жұртшылығын доңыз тұмауы мазалаған 2009 жылдан бері алғаш рет эпидемиологиялық қауіптің ең жоғары деңгейін жариялап отыр.

Себебі 23 ақпанда, бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 123-ке көбейіп, 700-ге жетті. Елдің төрт азаматы қауіпті індеттен көз жұмса, 18 адамға ем қонып, ауруханадан шығарылған. 

Дереккөз: Nege.kz


24 ақпан 2020, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.