Атырау, 25 қараша 03:06
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аманоның Иранға қатысты жаңа есебі Батыспен бағыттастықтың жалғасуы

2 806 просмотра

Иранның ядро саласындағы бейбіт қызметтері туралы Халықаралық Атом Қуаты Агенттігінің бас директоры Юкия Аманоның жаңа есебі таратылды. Жұма күні кешке Халықаралық Атом Қуаты Агенттігінің Басқарушылар кеңесіне ұсынылған 13 беттік осы есепте Теһранның қордаланған мәселелерді шешу үшін МАГАТЭ-мен келіссөзге міндетті екенін тағы да қуаттағаны кесіп айтылған.

Амано өз есебінде Иранның ядролық бағдарламасында ешқандай ауытқушылыққа сілтеме жасамаса да Иран өзінің түрлі ядролық нысандарына қол жеткізу үшін МАГАТЭ-мен ынтымақтастық жасамады деген уәж айтқан. Осы есепті дайындау тәсілі бұл жолы да Амано бұрынғысынша допты Иран жеріне тастауға талпыныс жасағанын көрсетеді. «Иран өз ядролық бағдарламасының ықтималдық әскери болмысы туралы түрлі сауалдарға жауап бере алмады» деген екіұшты сөйлемді енгізу осы есепте көзге шалынатын өзекті түсіндірулер болып табылады. Әлбетте Аманоның есебі осы қияли теориялар жасауда қасиетті Кум қаласына таяу жердегі байыту үшін жасалған Фордо нысандарындағы уран байыту қызметіне де меңзейді. Амано өз есебінде Иран Нәтанз орталығындағы центрифугаларды екі есе етумен уран байыту мөлшерін ұлғайтып, үш мың центрифугаға жеткізген деген мәлімет берумен өз есебінде ядролық бағдарламаға қатысты алаңдаушылық деп талқылаған мәліметтерді МАГАТЭ-ге беруге талпыныс жасаған. Шын мәнінде, МАГАТЭ осы тұрғыдан ядролық мәселені бұлыңғыр етіп көрсетуге ден қойып, «Иран бомба жасаудың ізінде ме?» дегенді айтады. Дегенмен Иранның Нәтанздағы ядролық қызметі тақырыбы жасырын емес әрі центрифугаларды ұлғайту алаңдаушылық туғызатындай МАГАТЭ ережелеріне қайшы келмейді. Бұған қоса кейбір хабар көздері, атап айтқанда SNN Иранның ядролық бағдарламасын қадағалап отырған Батыс дипломаттарына иек артып, Батыс санкцияларының нәтижесінедегі Ирандағы экономикалық қиындықтар деп көретін мәселеге сілтеме жасап, «осы санкциялар Иранды ядролық бағдарламасына қажетті технология мен ядролық заттарға қол жеткізуде қиындыққа ұшыратып отыр» дейді. Осы есептер мен кейбір қарама-қайшы сараптамаларға қарамастан, Халықаралық Атом Қуаты Агенттігі Иранның ядролық бағдарламасындағы жеткіліксіз ынтымақтастығын сылтауратып, «МАГАТЭ Иранның ядролық бағдарламасы бейбіт сипатта деген қорытынды жасай алмайды» деп жариялады. Дегенмен Иран NPT хаттамасы бойынша міндеттемелерінен әлдеқайда көбірек істеген. Сондықтан Иран Халықаралық Атом Қуаты Агенттігінің бақылауымен және осы орган инспекторларының қадағалдауымен камералар құрылған жағдайда байыту жұмыстарын істеп отырған жағдайда МАГАТЭ неліктен белгісіздіктер туғызу тәсілін одан әрі жалғастырғысы келеді деген сауал туындайды. Бұл сауалдың бір- ақ жауабы болады. Ол – Иранға қарсы бес бірдей сыңаржақ қарар қабылдаудың нәтижесінде қалыптасқан қазіргі жағдайды сақтау үшін тылпыныс жасау болып табылады. Оның себебі Иранның центрифугалары байыту жұмстарын бейбіт мақсаттар үшін атқаруда. Қазіргі жағдай мына жайтты растайды. МАГАТЭ Иранмен жауласу үшін үнемі Батысқа жолды тегістеп бергісі келеді. Аманоның жаңа есебі де Батыс ұстанымдарына толығымен бағыттас келеді. Өйткені екі тараптың да Теһран ядролық бағдарламасын тоқтату жөніндегі талаптарды пысқырмай, өзінің ядролық бағдарламасын өрістетіп жатыр деп түсіндіруге тырысып жатқаны анық.

Бақылаушылардың көзқарасынша Аманоның есебі мына тұрғыдан назар аударарлық: Иран мен МАГАТЭ келіссөздерінің келесі кезеңі 13-ші желтоқсанда Теһранда өткізіледі деп жоспарланып отыр. Соның ізінше Иран мен алтылық тобының (Ресей, Қытай, АҚШ, Франция, Британия және Германия өкілдері) сұхбаттары өтуі ықтимал. Сондықтан Батыс келіссөздерге дейін Иран үшін жағдайды қиындатуға тырысып бағуда. Алдағы келіссөздерде өз пікірінше жоғарыдан сөйлегісі келеді. Сондықтан өзінің саяси мақсаттарына жету үшін МАГАТЭ-ні көзір ретінде пайдаланып отыр.  
Дереккөз: kazakh.irib.ir

18 қараша 2012, 03:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.