Бүгін, 21 ақпанда, Береке ықшамауданында салынған 9 қабатты 72 пәтерлік үй пайдалануға беріліп, үй кезегінде тұрған көпбалалалы, аз қамтылған отбасылар мен жетімдерге табыс етілді.
Баспаналы болу бақытына ие болғандардың бірі, көптен бері тұрғын үй кезегінде тұрған Жанар ЕСЕНИЯЗОВА:
- 2013 жылдан бастап көпбалалы ана ретінде кезекке тұрдым. 20 жыл уақыт бойына үй жалдаумен келемін. Пәтер ақысын төлей алмай, ай сайын көшіп-қонып жүрген қиын күндеріміз енді артта қалды. Бәріміз де қатты қуаныштымыз.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттерді түсірген автор