Джулиан Ассанж Ресейдің АҚШ демократиялық партиясының серверлерін бұзуға қатысы жоқ екенін айтса, рақымшылық жасалады. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді.
Ұсынысты Ақ үй басшысы атынан америкалық конгрессмен Дана Рорабахер жасаған. Алайда ресми Уашингтон бұл туралы ешнәрсе білмейтінін жеткізді. Былтыр мамырда АҚШ билігі Ассанжға 17 бап бойынша айып таққан. Оның ішінде тыңшылық жасады және құпия ақпараттарды жария етті деген айыптар бар. 2010 жылы Ассанжға Швецияда зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылған. Ол 2012 жылдан бері Эквадордың Ұлыбританиядағы елшілігінде жасырынған. Оны Британия билігі 2019 жылдың 11-ші сәуірінде Швеция мен АҚШ-тың өтініші бойынша қамауға алған.
Мамыр айының 2-і күні Лондон соты АҚШ-қа Джулиан Ассанжға тағылған айыптарды дәлелдеуге 65 күн уақыт берген. 48 жастағы Джулиан Ассанж Аустралия азаматы. Ол Wikileaks сайты арқылы аса құпия саналатын 500 мыңнан астам құжаттың электронды нұсқасын жариялаған. Бұл құжаттар арасында әлем елдері лидерлерінің құпия сөйлесулері, мемлекеттердің құпия жоспарларынан тартып, қаржы жымқыру, ірі сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәліметтері де бар. Әрине, онда Қазақстанға қатысты да көптеген құпия құжаттар болған. Джулиан Ассанж 7 жыл бұрын Швецияға экстрадициядан қашып барып бас сауғалаған болатын.
Дереккөз: Qazaqtimes.com