Атырау, 26 қараша 12:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АҚШ барлау қызметі: Ресей сайлауға түсетін Трампқа көмектесуге тырысып жатыр

2 912 просмотра


Ресей АҚШ-тағы сайлауалды науқанға араласып, президент Дональд Трамптың сайлау кампаниясына қолдау көрсетуге тырысып жатыр. АҚШ барлау қызметінің ресми өкілдері осылай деп мәлімдеп, заң шығару органдарын ескертті.

Бұл ақпаратты дереккөзге сүйенген The New York Times басылымы хабарлады. Басылым дерегінше, заң шығару органдарына есепті таныстырған ұлттық барлау қызметінің өкілі Шелби Пирсонның сөзіне Дональд Трамп наразы болып, бұл деректі қарсылас-демократтар өзіне қарсы пайдалануы мүмкін деп қынжылған.

АҚШ барлау қызметінің дерегінше, Ресей хакерлері бұл жолы кибероперацияға "ертерек" кіріскен. Олар АҚШ аумағында орналасқан серверлер арқылы ғана жұмыс істеп, әлеуметтік желілерде жалған парақшалар ашпай, сақтық танытқан. Олар Американың сайлаушыларына басқа амалдар арқылы ықпал етуге тырысып жатыр.

Барлау қызметінің брифингі кезінде бірнеше республикашыл Ресей Дональд Трампқа көмектесуге тырысып жатыр деген дерекке күмән келтіріп, Трамптың әрекеті мен саясатынан Кремль едәуір зардап шекті деп дауласқан. Трамп әкімшілігінің Украинаға әскери көмек тағайындауы және Мәскеу одақтасы Иран режимін алшақтатқанын мысал ретінде келтірген.

АҚШ барлау қызметі сарапшыларының айтуынша, Кремльдің басты мақсаты - АҚШ-тағы сайлау науқаны кезінде әбігерлік туғызып, сайлау қорытындысына сенімсіздік туғызу.

Дереккөз: Азаттық радиосы


21 ақпан 2020, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.