Атырау, 23 қараша 07:56
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау маңына тағы да екі зауыт салынады

3 762 просмотра


ҚР Энергетика министрі Нұрлан НОҒАЕВ өзінің қаңтардағы есебінде Атырауда полиэтилентерефталат пен циклогексан өндірісі бойынша салынатын кешен құрылысы туралы әңгімеледі. 

Ол әлемде мұнай-химия өнімдеріне сұраныс артып келе жатқанын және Қазақстан дәл осы мұнай-химия  өнеркәсібін дамыту арқылы экономиканы әртараптандырады деп атап өтті.  

Ноғаев циклогексан өндірісі бойынша кешен қуаттылығы жылына 150 мың тоннаны құрайтынын, құрылыс барысында 1500 адам, ал іске қосылған кезде 350 адам жұмыспен қамтылатынын хабарлады. Жоба құны – 64 млн доллар.  

Екінші жобаның - полиэтилентерефталат құрылысы бойынша кешен - құны 700 млн доллар. Оның тапсырысшысы - «Алмэкс Петрокемикал» ЖШС. Бұл жобаны жүзеге асыру жөніндегі  меморандумға 2017 жылы қол қойылды. Ашық дереккөздердің ақпаратына сәйкес, аталмыш ЖШС Құлыбаевтардың отбасына тиесілі «Холдинговая группа АЛМЭКС» АҚ құрамына кіреді екен.

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ

Полиэтилентерефталат
 – түрлі мақсатта қолданылатын түрлі пластик ыдыстарды (бірінші кезекте пластик бөтелкелер) дайындау үшін қолданылатын термопластик.

Циклогексан – эфир майын еріткіш, балауыз, лак, бояулар, фармацевтика өнеркәсібіндегі экстрагент.

Зауыт қуаттылығы – жылына  430 мың тонна, құрылысшылар саны мен іске қосылғанған кейінгі жұмысшылар саны да шамамен циклогексан өндірісі кешеніндегідей болады.

Бейресми ақпарат бойынша, полиэтилентерефталат өндіріс кешені АМӨЗ санитарлық-қорғау аймағы аумағында, ал циклогексан өндірісінің кешені – «Ұлттық индустриалды мұнай-химиялық технопаркі» санитарлық-экономикалық аймақта орналасатын болады.  

Дайындаған  Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

21 ақпан 2020, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.